Жалғас биыл Астанада өткен Үлкен дулыға бәсекесінде топ жарған.
Жалғас Қайролла Абу-Дабидегі Үлкен дулыға турнирінде 5-орын алды
Фото: Спортты дамыту дирекциясы
133
оқылды

БАӘ-нің Абу-Даби қаласында дзюдодан Үлкен дулыға санатындағы жарыс жалғасып жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, Жалғас Қайролла (-81 кг) қола жүлде жолындағы белдесуде Игор Цурканмен (Словения) күш сынасып, қарсыласына есе жіберді. 

Жалғас іріктеуде Бразилия, Украина өкілін жеңіп, ширек финалда Петру Пеливанға есе жіберді. Ал жұбаныш кезеңінде Шыңғысхан Сағынәлиевті (Қырғызстан) жықты. 

Еске сала кетейік, Жалғас биыл Астанада өткен Үлкен дулыға бәсекесінде топ жарған.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.