Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының 13-саммитінде сөз сөйледі.
Түркі жұрты татулықты ту етеді
140
оқылды

Мемлекет басшысы Түркі мем­­лекеттері ұйымы түркі әле­мі­нің тұтастығын нығайтып ке­ле жат­қан бірегей құрылым еке­ніне назар аударды.

– Бауырлас елдердің егемен­ді­гіне, ұлттық мүддесіне құрмет­пен қарау – біздің мызғымас қа­ғи­датымыз. Түркі жұрты тон­ның ішкі бауындай тату болып, бағыт-бағ­дары­нан ауытқымай, бірлесіп алға нық қа­дам жасауда. «Түркі ға­сыры: тіліміз де, ойы­­­мыз да, ісі­міз де – бір» атты бү­гін­гі бас­қосу та­қырыбының мән-мағынасы өте те­рең. Бұл жиын Бірінші Түр­ко­ло­гия құ­рыл­­тайының 100 жыл­ды­ғымен орай­лас өтіп жатыр. Мұның сим­­­­волдық мәні де ерекше. Осы­­дан бір ғасыр бұрын бауыр­лас ел­дердің зиялы қауым өкіл­дері ру­хани тұтастығы­мыз­ды ны­ғайту үшін ортақ мүдде жо­лын­да Баку қа­ласында үлкен жиын ұйымдас­ты­рып, күш бі­рік­тірген болатын. Біз баба­лары­­мыздың осы ама­на­тына адал болып, түркі әлемінің ауыз­­­біршілігін күшейту үшін жұ­мыла әрекет етіп келеміз, – де­ді Мем­лекет басшысы.  

Президент осы орайда Режеп Тайип Ер­до­ғанның баста­масы­мен Түркі мем­ле­кет­тері ұйымы ал­лея­сының ашылғанын ерек­ше атап өтті.

– Бұл аллея мызғымас бауыр­­лас­ты­ғы­мыз­дың симво­лы­на ай­на­лады деп сенемін. Бар­шаңызға мә­лім, қазір әлем­дегі геосаяси ах­уал ушығып ба­ра­ды. Таяу Шы­ғыс­­тағы жағ­дай, әсі­ресе Ормуз бұ­­ғазы төңі­ре­гін­дегі текетірес күр­делене түсті. Мұ­ның бәрі жаһан елдерінің, әсі­ресе шекара­лас түркі мем­ле­кеттерінің сауда-эко­номикалық және көлік-логис­тикалық бай­ла­нысына кері әсерін тигізуде. Қазақстан бір белгілі, яғ­ни хусит деген әскери қозғалыс­тың бауыр­­лас Сауд Арабиясына қар­сы негізсіз шабуыл жа­сағанына наразылық білдірді. Осындай жөн­сіз әрекеттерді тоқтату ке­рек де­ген мәлім­де­ме­лерге қосы­ла­мыз, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Қазақ­стан­­ның ТМҰ аясындағы эко­но­микалық ықпалдас­тық айрықша рөл атқаратынына сенім арта­ты­нын айтты.

– Біздің еліміздің Ұйымға мү­ше елдер­мен алыс-берісі биыл 10 мил­л­иард долларға жуықтады. Был­­тырғы жылмен салыс­тыр­ған­да бұл көрсеткіш 40 пайызға ар­тып отыр. Осы қарқынды сақтап қалу үшін әлі де бірқатар ша­ра­лар­ды іске асыруымыз керек. Ең ал­ды­мен, «Түркі әлемінің ке­ле­ше­гі – 2040» бағдарламасын са­па­лы орындау өте маңызды. Осы тұста Түркі мемлекеттері ұйы­мы­ның 2027-2031 жылдарға арналған стр­атегиясын жедел қабылдау қа­жет. Біз бұл құжаттың жоба­сын­да көрсетілген сауда, инвес­ти­ция, қаржы, өндіріс, ауыл ша­руа­шы­лығы, цифрлық тех­но­ло­гия, білім-ғы­лым және басқа да са­лаларды дамытуға қа­тысты ша­раларды қолдаймыз. Ең бас­ты­сы, бес жылға арналған стра­те­гияда нақты жобалар көрініс та­буы керек. Сондықтан Түр­кі ин­вестициялық қорының мүм­кін­діктерін барынша қолдану қажет. Оның әлеуеті зор. Бұл қар­жы­лық институттың то­­лыққанды жұ­мыс істеуіне барлық жағ­дайды жа­сап берсек, жөн болар. Бұған қо­са, экономикалық ықпалдас­тық­ты күшейту үшін Түркі сауда-өнеркәсіп палатасының мүмкін­дігін пайдаланған абзал. Қазақ­стан бұл құрылымға төрағалық ет­кен кезеңде бір­қатар шаралар өт­кізіп, маңызды құжат­тар әзір­ле­ді. Осы бағыттағы жұмысты жан­дандыру мақсатымен келесі жы­лы Қа­зақ­станда Іскерлік фору­мын өткізуді ұсы­на­мыз. Біздің ойы­мызша, Ұйымымыздың ая­­сын­дағы Ақсақалдар кеңесінің жұ­мысы да өте маңызды. Осы құ­рылымға қаржылай және басқа да түрлі көмегімізді көрсетуіміз қа­жет, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев ынты­мақ­тас­тықты нығайту жолында «Түр­кі мемлекет­тері ұйымы +» фор­матын қолданудың маңы­зы зор екеніне мән берді.

– Ұйымымыздың беделін арт­тыру үшін Ресейдің ниетіне оң пі­­кірімізді білдіріп, бұл елді осы фор­матқа қосылуға немесе Ұйым­ға бақылаушы ретінде қа­ты­суға ша­қырсақ, дұрыс әрі әділетті ше­шім болар еді. Өйткені Ресей ірі мемлекет ретінде көне заман­нан бері түркі әлемімен тығыз бай­ланыста бол­ған. Бұл елде та­рихи мекенін тапқан түркі ха­лық­тары көп. Қазіргі таңда Ресей «Ал­тай өңірі – Түркі өркениетінің ал­тын бесігі» де­ген тұжырым­да­ма­ны дәріптеуде. Қазақ­стан бұл тұ­жырымдаманы қолдайды. Орыс тілінде түркі тілдерінен та­мыр тартатын сөз­дер де аз емес. Жал­пы, Ресей түркі ел­дері­нің, яғ­ни біздің Ұйымның бір бөлігі бол­­­­­са, бәрімізге пайдасын тигізер еді, – деді Мемлекет басшысы.

Президент көлік-логистика са­ласын­дағы әріптестікті терең­де­ту басым міндеттің бірі деп са­­­най­ды.

– Түркі әлемін өзара байла­ныс­­тыру ісінде Транскаспий ха­лық­аралық көлік бағытының ала­­тын орны ерекше. Биылғы 9 ай­да Ор­та дәліз арқылы тасымалданған жүктің көлемі 30 пайызға артты. Со­ның ішін­де транзиттік тасымал кө­лемі 90 пайыз­ға өсті. Ал Қа­зақ­стан­ның Түркі мемлекеттері ұйы­мы­на мүше елдермен теміржол ар­қылы жүк тасымалы 10 пайызға ұл­ғайып, 40 мил­лион тоннаға жа­қындады. Автокөлікпен тасы­мал­данған жүк көлемі де 20 пайызға кө­­бейіп, 6,5 миллион тоннаға жет­­ті­. Осы орайда, біз Қазақ­стан­ның транзиттік әлеуе­тін арттыра тү­су үшін елімізде басымдық ре­тін­де арнайы бағдарламаны жүзеге асы­ра­тын болдық. Жалпы, елі­міз үшін Орта дә­ліз бойындағы ло­гистика инфра­құры­лы­мын жә­не теңіз порттарын жаңғырту жұ­­мы­сының маңыздылығы өз­гер­мейді. Алай­да басқа көлік-ло­гис­тика бағдарлары, яғни Сол­түстік-Оңтүстік дәлізі, «Бір бел­деу, бір жол» жобасы және өзге де жол­дар Қазақстан үшін өте пай­да­лы әрі тиімді болып қала бере­ді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының пі­кірін­ше, цифрландыру және жа­сан­ды интеллектіні дамыту – бү­гінгі күннің талабы.

– Елдеріміз жаппай цифрлан­дыру мәселесімен белсенді түрде ай­налысып жатыр. Қазақстан цифр­лық ел болуды мақсат етіп отыр. Бұл бағытта ауқымды жұ­мыс істелуде. Биыл елімізде – Цифр­ландыру және жасанды ин­теллект жылы. Астанада Alem.ai жасанды интеллект орталығы құ­рылды. Жасанды интеллект са­ласына қажетті мамандар даяр­лайтын Qazaq AI Research уни­вер­ситеті ашылды. Қуаттылығы 1 ГигаВатт болатын Деректерді өң­деу ор­та­лықтарының алқабы құ­рылып жатыр. Екі супер­ком­пью­тер іске қосылды. Таяу арада үшін­ші өте қуатты суперком­пью­тер өз жұ­мысын бастайды. Цифр­лық ко­декс, Жасанды интеллект туралы арнайы заң қабылданды. Қа­­жет болса, осы тәжірибемізді бауыр­лас елдермен бөлісуге дайын­­быз. Өз­де­ріңізге жақсы бел­гілі, биыл ма­мыр айында Түр­кі­станда өткен бас­қосуда жасан­ды интеллект жә­не цифрлық даму мәселесін тал­қыладық. Қа­зір сол жиында кө­терілген бір­қа­тар маңызды бас­таманы жүзеге асы­рып жатырмыз. Бұдан бөлек, жа­қында Қазақстан мен Әзербай­жан арасында Транс­каспий тал­шық­ты-оптикалық бай­­ланыс же­лісі іске қосылды. Осы бірегей жо­баның игілігін түр­кі мем­ле­кет­тері де көре алады. Бұдан бөлек, әлі де жедел атқа­ры­луға тиіс жұ­мыс­тар аз емес. Атап айтқанда, Ки­берқауіпсіздік кеңе­сін, Цифр­лық мониторинг және иннова­ция­лар орталықтарын құру баста­ма­сын жүзеге асыруды тез­деткен жөн. Бұл жобалар елдері­міз­дің цифр­лық саладағы ын­ты­мақ­тас­тығын нығайта түсетіні сөз­сіз, – деді Президент.

Мемлекет басшысы мәдени-гу­манитарлық ықпалдастықты одан әрі дамыту мәселесі де әріп­тестіктің маңызды бағытының бірі екенін айтты.

– Қазақстан түркі халықтары­ның тарихи мұрасын зерделеу, сақ­тау және дәріптеу ісіне айрық­ша көңіл бөледі. Мен биыл Түр­кі­станда өткен басқосуда Түркі өр­кениеті орталығын және дала өр­кениетін дәріптеуге арналған «Мәңгілік ел» орталығын құруды ұсын­дым. Қазір тиісті жұмыстар жүр­гізіліп жатыр. Осы орайда, Түр­кі өркениетінің мұрасын сақ­тау жөніндегі конвенцияны тез­де­тіп қабылдаған жөн деп са­най­мыз. Сонымен қатар елімізде «Қа­­зақстан тарихы: ежелгі дәуір­ден бүгінге дейін» атты жеті том­дық ауқымды еңбек әзірленіп жа­­­тыр. Осы жұмысқа белсене қа­­­тысқан түркі елдерінің ғалым­да­рына шынайы алғыс білдіреміз. Академиялық еңбек тарихи оқи­ға­ларға ғылыми тұрғыдан кең ау­қымда, шынайы және әділ көз­қа­распен қарауға көмектеседі, – деді ол.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ұйымға қарасты құры­лым­дар да іргелі істер атқарып жат­қанын атап өтті.

– Түркі академиясының бас­тамасымен ортақ тарихи және мә­дени ескерткіштерге арналған бір­қатар еңбектер жарық көрді. Атап айтқанда, «Түркі әлемінің кие­лі географиясы» үш томдығы, «Көне түркі жазбаларының» бес томдық каталогі дайындалды. Сон­дай-ақ «Қазіргі түркі тілдері сөздігінің» 25 томдығы басылып шықты. Бұл еңбектер – түркі ға­лым­дары жұмысының үлкен нә­ти­жесі. Сонымен қатар Түркі мә­дениеті және мұрасы қоры «Turkic Heritage» халықаралық цифрлық платформасын дайын­дады. Бұл бірегей цифрлық өнім түркі халықтарының тарихын, әдебиетін, мәдениетін танып-білу­ге мүмкіндік береді. Түркі әле­мінің тарихында Алтайдың ала­тын орны ерекше. Биыл Қа­зақстанда «Алтай – Түркі әле­мі­нің алтын бесігі» халықаралық фес­тивалі жоғары деңгейде өтті. ИСЕСКО ұйымының шешімімен киелі Түркістан шаһары келесі жылы Ислам әлемінің мәдени ас­танасы атанбақ. Біз осы бастама ая­сында түркі өркениетінің ру­хани үндестігі мен сабақтастығын сақтауға ықпал ететін ауқымды шаралар өткізуді жоспарлап отыр­мыз. Атап айтқанда, әдебиет пен тіл мәселесіне арналған Қожа Ахмет Ясауи халықаралық фору­мын, сондай-ақ Түркі және ислам әлемі мұражай ісі мамандарының жиынын өткіземіз. Ғалымдары­мыз­ды осы іс-шараларға белсене ат­салысуға шақырамыз, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті Түркі мем­лекеттері ұйымын инсти­ту­цио­налдық тұрғыдан дамытуға ай­рықша назар аударуға шақыр­ды.

– Соңғы жылдары Ұйым қыз­ме­тінің аясы кеңейді, бұл құры­лым 60 түрлі бағытта жұмыс жүр­­гізіп жатыр. Дегенмен олар­дың кейбірі бір-бірін қайта­лай­тыны жасырын емес. Сондықтан ортақ істе басымдық берілуге тиіс салаларды анықтап алуымыз керек. Жалпы, алдымызда тұрған мін­деттер мен басымдықтарды ай­қындау қажет. Сонымен қатар Ұйы­мымыздың ең жоғары дең­гейінде қол қойылған шарттардың ережелерін бұзуға болмайды деп санаймыз. Сондай-ақ Ұйым жа­нын­дағы Тұрақты өкілдер кеңесін құру маңызды екенін тағы да айта кеткен жөн. Биыл мамыр айында Түркістанда өткен ең жоғары жиын­­да мен Түркі мемлекеттері ұйы­­мы әскери альянс емес, бо­лашақта да болмауы керек деп айт­қан едім. Бұл – Қазақстанның ұс­танымы, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы сөз соңын­­да қазақта «Береке – бір­лікте, ырыс – ынтымақта» деген мақал бар екенін еске салып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ортақ мақсат жолында бірлесе әрекет ету керектігін айтты. Сон­да түбі бір түркі жұрты да өсіп-өр­кендей береді.

– Бүгінгі басқосу Ұйым жұ­мы­сына жаңа серпін беріп, ық­пал­дастығымызды нығайта түседі деп сенемін. Осы орайда, Әзер­бай­жан мемлекеті Ұйымға был­тырдан бері төрағалық етіп, оның абырой-беделінің артуына мол үлес қосқанын баса айтқым ке­леді. Мен Әзербайжан тарапына ризашылығымды білдіремін. Ен­ді төрағалық ету міндеті Түр­кия­ға жүктеледі. Алдағы уақытта да Ұйым аясында тың бастамалар жү­зеге асырылады деп сенемін. Сондай-ақ Кубанычбек Омура­лиев мырзаға табанды қызметі үшін алғыс айтамын. Ал жаңа Бас хатшы Мирвохид Азимов мыр­заға сәттілік тілеймін. Алқалы жиын­ды жоғары дәрежеде өткіз­гені үшін Түркия Республика­сы­ның Президентіне тағы да ри­за­шы­лығымды білдіремін, – деді Қазақстан Президенті.

Сондай-ақ саммитте Түркия Президенті Режеп Тайип Ердо­ған, Қырғызстан Президенті Са­дыр Жапаров, Өзбекстан Прези­денті Шавкат Мирзиёев, Түрік­менстан Президенті Сердар Бер­ді­мұхамедов, Әзербайжан Сырт­қы істер министрі Джейхун Бай­ра­­мов, ТМҰ Бас хатшысы Куба­ныч­бек Омуралиев сөз сөйледі. 

Түркі мемлекеттері ұйымы 13-ші саммитінің қорытындысы бойынша Анкара декларациясы қа­былданды.

Сондай-ақ Мемлекет басшы­сы Түркияға ресми сапары ая­сын­­да бірнеше іс-шараларға қа­тыс­ты. Атап айтқанда, Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйы­мы­на мүше елдердің басшы­ла­ры­мен бірге астаналық «Бештепе» сая­бағындағы Түркі әлемі ал­лея­сын ашты.

Аталған алаңда Түркия, Әзер­байжан, Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Түрікменстан ел­­­­дерінің ұлттық павильондары орналасқан. Экспозицияларда бауырлас халықтардың ынтымақ-бірлігі мен сан алуан мәдениеті, бай рухани дәстүрі көрініс тап­қан.

Қазақ киіз үйі Ұлы дала рухы мен түркі дүниесінің ортақ тарихи та­мырын бейнелейді. Прези­дент­терге киіз үйдің безендірілуіне ар­қау болған ежелгі түркі өрке­ние­ті, соның ішінде сақтар мұра­сы, халқымыздың табиғатпен үй­­­­­лесімді өмір салты және за­ма­науи Қазақстанның келбеті жайын­­да мәлімет берілді.

Мем­­­­­­­­лекеттер басшыларының на­зарына қазақ халқының дәс­түрлі саятшылық өнерін паш ететін «Сақ аңшысы» мүсіндік ком­позициясы ұсынылды. Сон­дай-ақ мәртебелі меймандарға көне түркі жазба мәдениетінен мол мағлұмат беретін Орхон е­с­керткіштері көрсетілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев ТМҰ-ға мүше елдер басшыларымен бірге Түркі әлемі аллеясына ағаш екті.

Сонымен қатар ТМҰ-ға мүше ел­дер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады.

Концертте «Түркі әлемі» ан­самб­лі мен Түркия Республикасы Президенттік симфониялық ор­кестрі Ұйымға мүше елдердің ең таңдаулы музыкалық шығар­ма­ларын орындады.

Құрметті қонақтар түркі ха­лық­тарының ұлттық билерін та­ма­шалады. Сондай-ақ іс-шара ая­сында түркиялық танымал ән­ші Кырач пен Қазақстанның ха­лық әртісі Димаш Құдайберген өнер көрсетті.