Жас шабуылшының жағдайы Англиядағы футбол мамандарының да назарын аударды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ағылшын журналисі Мэтт Скрэфтон 18 жастағы футболшының Қазақстан құрамасына шақырылмағанына назар аударған. Бұған дейін Сәтбаев «Линкольн Ситиге» қарсы кездесуден соң қайтадан магниттік-резонанстық томографиядан (МРТ) өткен.
Тексеру нәтижелерін қараған «Челси», «Бёрнли» және Қазақстан құрамасының медициналық штабтары футболшының денсаулығына қауіп төндірмеу жөнінде ортақ шешім қабылдаған. Осыған байланысты Д. Сәтпаев 13 және 16 қарашада өтетін Ұлттар лигасының матчтарына қатыспайды.
«Дастан Сәтпаев Қазақстан құрамасының алдағы матчтарына шақырылған жоқ. Портсмутқа қарсы ойын алдындағы баспасөз мәслихаты да болмайды. Сондықтан оның тағы да жарақат алған-алмағанын білу үшін ертеңге дейін күтуге тура келеді», – деп жазды Мэтт Скрэфтон.
31 қазанда «Бёрнли» Чемпионшиптің 13-туры аясында өз алаңында «Портсмутты» қабылдайды. Кездесу Астана уақытымен сағат 20:00-де басталады. Әзірге қазақстандық шабуылшының бұл матчқа қатысатыны белгісіз.
