Астана қаласындағы еркін күрестен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны күміс жүлдемен толықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Қазақ палуаны Нұрқожа Қайпанов 74 кг дейінгі салмақтың финалында ресейлік Иналбек Шериевпен кім мықтыны анықтады. Бас жүлде жолындағы тартысты белдесуде Нұрқожа қарсыласына есе жіберіп, 2-орын алды.
Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі мәліметінше, бүгін 28 жастағы Қайпанов ересектер арасындағы әлем чемпионатындағы жалпы медаль санын төртеуге жеткізді.
2019 жылы Нұр-Сұлтан - күміс (-70 кг)
2024 жылы, Тирана - алтын (-70 кг)
2025 жылы, Загреб - қола (-70 кг)
2026 жылы, Астана - күміс (-74 кг).
Жалпы Нұрқожа қазақ күресі тарихындағы ең олжалы спортшының бірі. Бұдан бөлек оның еншісінде Азия чемпионатының 3 алтыны, жазғы Азия ойындарының қола медалі бар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
