Жолды 2026 жылғы 1 қараша сағат 23:00-де ашу жоспарланған.
Ақмола облысында жол жабылды
Фото: istockphoto.com
119
оқылды

ҚазАвтоЖол Ақмола облысында көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

– 2026 жылғы 1 қарашада сағат 20:00-де Ақмола облысында жол-көлік оқиғасына, жол жүрудің қиындауына, сондай-ақ тергеу амалдарын жүргізу қажеттілігіне байланысты «Астана – Көкшетау (айналма жолымен) – Петропавл – РФ шекарасы (Жаңа Жол өткізу пункті)» автожолының 107–232 шақырым аралығында (Ақкөл қаласы – Щучинск қаласы) барлық автокөлік түрлері үшін бір бағытта қозғалысқа шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Жолды 2026 жылғы 1 қараша сағат 23:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.