Қазақстандық жүзгіш Анатолий Руденко Сенегал астанасы Дакар қаласында өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, – деп жазды Aikyn.kz.
Отандасымыз 100 метрге брасс әдісімен жүзуден шешуші кезеңге жолдама алған болатын.
Финалда Руденко қашықтықты 1 минут 3,33 секундта жүзіп өтіп, алтыншы орынға тұрақтады.
Бұл сында Қытай өкілі Се Ичэнь (1:01.03) топ жарды. Жапониялық Иори Миядзаки (1:01.30) күміс жүлдеге ие болса, Литва спортшысы Домас Вилимас (1:01.75) үздік үштікті түйіндеді.
ҚР ҰОК мәліметінше, бұған дейін Анатолий Руденко 200 метрге брасс әдісімен жүзуден өткен финалда да алтыншы орын алған еді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
