Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілердегі бірнеше жергілікті әлеуметтік желілерде жарияланды. Кадрлардан патрульдік полиция көлігінің жол апатына ұшырағанын көруге болады.
Полиция қызметкері комада жатыр: Ақмолада патрульдік полиция көлігі жол апатына ұшырады
212
оқылды

Ақмола облысында Астана – Петропавл тасжолында патрульдік полиция көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Соқтығыс салдарынан полиция қызметкері жарақат алып, медициналық мекемеге жеткізілген, – деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәліметінше, жол апаты 3 қарашада Астана – Петропавл автожолында болған.

Алдын ала деректерге қарағанда, JAC T9 автокөлігінің жүргізушісі жылдамдық режимі мен көлік арасындағы қауіпсіз қашықтықты сақтамаған. Соның салдарынан ол жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, арнайы жол техникасына ілесіп жүрген полицияның қызметтік көлігімен соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан полиция қызметкері дене жарақатын алып, ауруханаға жеткізілді.

– Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр, – дейді Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Айта кетейік, бұған дейін де Ақмола облысындағы Астана – Көкшетау бағытындағы тасжолда жантүршігерлік жол апаты болып, үш адам қаза тапқан еді. Бірнеше автокөлік соқтығысқан апатта екі адам оқиға орнында көз жұмса, тағы бір зардап шегуші ауруханада қайтыс болды.

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ, Ақмола облысы

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.