Бүгін Құрылтай отырысында «Қазақстан Республикасы мен Азия даму банкі арасындағы қарыз туралы келісімді (Қаржылық басқару және қаржы секторын реформалау бағдарламасы – 2-шағын бағдарлама) ратификациялау туралы» заңды екі оқылымда қабылдады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Келісім аясында Азия даму банкінен 3,4 млрд қытай юані (227,4 млрд теңге) көлемінде қарыз тарту көзделген. Қарызды өтеу мерзімі – 15 жыл, оның ішінде алғашқы үш жыл жеңілдік кезеңі болып саналады. Пайыздық мөлшерлемесі – 1,69%, ал игерілмеген қаражат үшін жылдық 0,15% көлемінде комиссия төленеді.
Қарыз қаражаты ең алдымен әлеуметтік сала, көлік инфрақұрылымы, өнеркәсіп, білім беру және басқа да басым бағыттардағы шығындарды қаржыландыруға жұмсалады.
Келісімге 2026 жылғы 11 қыркүйекте қол қойылған.
