Атырау қаласындағы Жеңіс саябағы аумағында жаңа бақ ашу жоспарланған. Онда 750 түп жеміс ағашы егіледі.
Көшеттерді «АтырауАгроӨнімдері» ЖШС егеді. Мекеме басшысы Владимир Розметов: «Жаңа бақ Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің ұсынысымен ашылғалы отыр» деді. Онда тамшылатып суару технологиясы қолданылады. Осыған орай, Атырау қалалық әкімдігі Жеңіс саябағынан 0,5 гектар жер учаскесін бөлген.
«Жеңіс саябағы аумағында өсірілетін жеміс ағаштарының арасында алма мен өріктің, шиенің бірнеше түрі бар. Көшетегуден бастап алғашқы жемісін бергенге дейінгі 3 жылда атқарылатын жұмыстарды өз міндетімізге алып отырмыз. Содан соң тиісті мекеменің теңгеріміне беріледі», – дейді Владимир Розметов.