Біраз уақыттан бері сахнадан көрінбей кеткен әнші Қайрат Түнтеков әлеуметтік желідегі парақшасында оқырмандарына видео жариялады, – деп жазды Aikyn.kz.
Әнші басынан түрлі жағдай өткенін айтты. Тіпті, өнерден кетуді ойлағанын да жасырмады. Алайда қиын кезеңдерді бастан өткергенмен жүрегі әрдайым сахнаны аңсағанын жеткізді.
«Бір кездері бәрінен бас тартқым келді. Әннен де, сахнадан да, бұрынғы өмірімнен де. Сырт көзге бәрі жақсы көрінуі мүмкін. Бірақ адам басынан не өтіп жатқанын өзі ғана біледі. Бір нәрсені түсіндім, адамның ең мықты күресі басқалармен емес, өзімен болады. Басымнан талай жағдай өтті. Қуаныш та болды, қиындық та болды. Кейде бәрін тастап, үнсіз қалғым келген сәттер де аз емес. Бірақ өнерден біржола кете алмадым. Өйткені ән — менің өмірімнің бір бөлшегі. Сахна — менің орным. Ал сіздердің қолдауларыңыз маған әрдайым күш береді. Қайта шықсам, қабылдайсыздар ма?» - деді әнші.
Желі қолданушылары қолдау білдіріп, әншінің сахнаға шығуын асыға күтетінін айтты.
«Әрине, қабылдаймыз сізді. Сіз әлемдік деңгейдегі әншісіз», «Әрдайым қолдаймыз ғой сені, отбасымызбен», «Мынадай дауыспен шықпаған ұят болады», «Керемет талант иесі, ерекше дауысыңызбен баурап алған халқыңыздың сүйікті әншілерінің бірі болып қала бересіз! Әрине қолдаймыз», деп жазды оқырмандар.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
