Астанада өтіп жатқан киберқылмысқа қарсы күрес жөніндегі халықаралық конференцияда Қазақстан Ішкі істер министрі Ержан Саденов түрлі елдердің құқық қорғау органдары арасындағы практикалық ынтымақтастықты нығайтуға шақырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
«Киберқылмыс мемлекеттік шекараларды мойындамайды. Қылмыскер бір елде, ал оның құрбаны басқа елде болуы мүмкін. Ұрланған қаражат санаулы минуттардың ішінде бірнеше мемлекеттің банк шоттары арқылы өтеді», - деді министр.

Ержан Саденов ақпарат алмасуды жеделдетудің, қылмыстық схемаларды бірлесіп анықтаудың және халықаралық тергеу іс-қимылдарын үйлестірудің маңызын атап өтті.
«Біз бірлесе әрекет етуіміз қажет. Ақпарат алмасуды жеделдетіп, қылмыстық схемаларды бірге анықтап, тергеу жұмыстарын үйлестіруіміз керек. Ең бастысы – қылмыстарды ашумен ғана шектелмей, олардың алдын алу», - деп атап өтті министр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
