Астанада 5-7 қараша күндері жоғары деңгейлі халықаралық кездесулер мен маңызды іс-шаралар өтеді.
Дипломатиялық диалог аптасы
104
оқылды

Бұл туралы ҚР Президентінің кеңесшісі – Баспасөз хатшысы Айбек Смадияров өзінің Telegram-арнасында жазды.

5-6 қараша күндері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Қазақстанға Иордан Хашимит Корольдігінің Королі II Абдалла бен әл-Хусейн ресми сапармен келеді.

Жоғары деңгейдегі келіссөздер барысында сау­да-экономикалық, инвестициялық және мә­де­­ни-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынты­мақ­тастықты кеңейту перспективасы талқы­ла­на­ды. 

5-7 қараша күндері Мемлекет басшысының ша­қыруымен елімізге Тәжікстан Президенті Эмо­мали Рахмон ресми сапармен келеді. 

Екі елдің көшбасшылары стратегиялық әріп­тес­тік пен одақтастық қатынастарды нығайту мә­селелерін қарастырады. 

6 қараша күні Астанада Ақаба процесі саммиті өтеді. Жиынға бірқатар мемлекеттің басшылары қа­тысады.