Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Мемлекет басшысы Өзбекстан және Пәкістанмен кедендік ынтымақтастық туралы заңдарға қол қойды
Фото: Ақорда
83
оқылды

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасының кеден қызметі өкілдіктерін ашу туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Сонымен қатар Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Пәкістан Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Заңдардың мәтіндері баспасөзде жарияланады, – делінген Ақорданың арнайы хабарламасында.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.