Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақ­стан­ның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында 2027 жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құры­лыс жылы» деп жа­рия­лау ұсынысы еліміздің инфра­құрылымын да­мытуға тың серпін беретін маңыз­ды бастама деп санаймын.
Нұрбақыт Теңізбаев, Құрылтай депутаты, «Әділет» партиясы фракциясының мүшесі: Спортқа инвестиция – ұлт денсаулығына инвестиция
148
оқылды

Президент атап өткендей: «Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық ин­фра­құрылым нысандарын салуға және жөндеуге белсенді түрде кірісеміз».

Бұл бастама халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, өңірлер арасындағы даму алшақтығын азайтуға және азаматтарға қолай­лы жағдай жасауға мүмкіндік береді. Жолдарды жаңарту, әуе­жайлар мен вокзалдарды дамыту, медициналық мекемелер салу, соның ішінде ерекше қажет­ті­ліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын ашу – қо­ғам үшін аса маңызды міндеттер.

Сонымен қатар инфрақұры­лымды дамыту аясында спорт саласына да ерекше көңіл бөлінуі қажет. Заманауи спорт кешендері мен алаңдарын көбейту, ауылдық жерлерде спорт инфрақұры­лымы­ның қолжетімділігін арт­тыру – бұқаралық спортты дамы­туға және өскелең ұрпақтың сала­­уатты өмір салтын ұстануына жол ашады. Спортқа салынған инвестиция – ұлт денсаулығы мен болашағына салынған инвес­тиция.

Депутат ретінде бұл бастама­ларды қолдай отырып, инфра­құры­лымдық жобалардың сапалы әрі уақытылы жүзеге асуына, бө­лін­ген қаражаттың тиімді жұмсалуына және нысандардың халық игілігіне қызмет етуіне баса мән беру маңызды деп есеп­теймін.

Ел игілігіне бағытталған ауқым­­ды құрылыс жұмыстары өңірлердің дамуына серпін беріп, азаматтардың әл-ауқатын арт­тыруға қызмет етсін! ­

Тілекгүл ЕСДӘУЛЕТ