Құрылтай қазандағы жұмысын қорытындылап, жұмыс нәтижелерін жариялады.
Қомақты қорытынды
75
оқылды

Өткен айда ел Парламенті 5 отырыс өткізіп, 6 заң қабылдап, оның екеуіне Президент қол қойған. Бұлардан бөлек, тағы 41 заң жобасы қарауға алынды. Балалардың құқықтары және әл-ауқаты мәселелерімен айналысатын «Қазақстан балалары» арнайы депутаттық тобының құрылуы да – ерекше атап өтерлік жаңалық. Депутаттардың қоғамдық қабылдауы да қауырт жұмысқа толы болған. Жүздеген азамат cот ісі, заңды жетілдіру, әлеуметтік қолдау және тұрғын үй сынды өзекті мәселелермен жүгініп, көпшілігіне мәселе толыққанды түсіндіріліп, енді біраз өтініш тиісті мемлекеттік органдарға жолданған.