Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр.
Жасөспірімдер Олимпиадасы: Максим Сажнев бесінші орын алды
Фото: ҚР ҰОК
359
оқылды

Қазақстандық жеңіл атлет Максим Сажнев Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында диск лақтыру сайысында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Отандасымыздың үздік көрсеткіші – 55,05 метр. Осы нәтижемен ол жарысты бесінші орынмен аяқтады.

ҚР ҰОК мәліметінше, Мысыр өкілі Яхья Саваби дискіні 68,23 метрге лақтырып, жеңімпаз атанды. Екінші орынды Ямайка спортшысы Камари Кеннеди (66,31 метр) иеленсе, үздік үштікті чилилік Витторио Горзилья (56,00 метр) түйіндеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.