Өнім айналымын бақылау аясында мемлекеттік тіркеуден тиісті тәртіппен өтпей сатылатын, биологиялық белсенді қоспаларға тән белгілері бар өнімдерді анықтауға мүмкіндік беретін жасанды интеллект агенті қолданылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап міндетті цифрлық таңбалау талабы осы күннен бастап өндірілген биологиялық белсенді қоспаларға (ББҚ) қолданылады.
Міндетті таңбалауды енгізу нарықтың ашықтығын арттыруға, тұтынушыларды заңсыз айналымдағы және тіркелмеген өнімдерден қорғауға, сондай-ақ тауарлардың айналымның барлық кезеңдерінде қадағалануын қамтамасыз етуге бағытталған.
Нарық қатысушыларын жаңа талаптарға дайындау мақсатында ақпараттандыру салалық, нысаналы және жария коммуникация арналары арқылы жүзеге асырылады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
