Құрылтайда ғылымды қаржыландырудың болжамдылығы мен үздіксіздігін қамтамасыз ету ұсынылды.
Ғалымдар үшін ғылыми конкурстардың бірыңғай күнтізбесін енгізу және есептілікті қысқарту ұсынылды
Фото: Құрылтайдың баспасөз қызметінен алынды
131
оқылды

Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиев Жоғары аудиторлық палатаның ғылымды дамыту саласындағы мемлекеттік аудит қорытындылары туралы есебін қарау кезінде осындай бастама көтерді.

Депутаттар негізгі рәсімдердің келісілген күнтізбесін және мерзімдердің сақталуын бақылауды белгілеуді ұсынып отыр. 

– Ғалымдар конкурс жарияланатын, шешім қабылданатын, шарт жасалатын және қаражат түсетін уақытты алдын ала білуге тиіс. Бұл зерттеулерге уақыт үнемдеуге, сондай-ақ ғылыми ұжымдардың сатып алуы мен жұмысын жоспарлауға мүмкіндік береді, – деді Дархан Ахмедиев. 

Сонымен қатар ғалымдарға әкімшілік жүктемені азайту ұсынылып отыр. Ол үшін есептіліктің құрамын қайта қарап, сол мәліметтердің қайта ұсынылуын тоқтатып, қолда бар мемлекеттік деректерді пайдалану қажет.

Бұған қоса, есеп беру талаптарын қаржыландыру көлеміне және зерттеу ерекшеліктеріне сәйкес жасау ұсынылды. Құрылтайдың салалық комитетінің төрағасы атап өткендей, жабдық пен қаржыландыру сияқты, ғалымның жұмыс уақыты да – құнды ресурс.