Қазақстан үшін Түркияның метеорологиялық қызметімен өзара іс-қимыл озық тәжірибелерді зерделеуге, мамандардың кәсіби әлеуетін арттыруға және ұлттық гидрометеорологиялық қызметтердің сапасын жетілдіруге қосымша мүмкіндіктер ашады.
«Қазгидромет» пен Түркияның Мемлекеттік метеорологиялық қызметі ынтымақтастықты нығайтуда
Фото: gov.kz
139
оқылды

Қазақстан мен Түркия гидрометеорология саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуда. Осы бағыттағы кезекті қадам Анталья қаласында COP31 аясында ұлттық метеорологиялық қызметтердің басшылары арасында өткен екіжақты кездесу болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Кездесу барысында тараптар гидрометеорология, климаттық талдау және қоршаған орта мониторингі салаларындағы ынтымақтастықтың келешегін, сондай-ақ тәжірибе мен заманауи технологиялар алмасу мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша, «Қазгидромет» РМК мен Түркия Республикасының Мемлекеттік метеорологиялық қызметі арасында өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды. Құжатқа Данара Алимбаева мен Волкан Мутлу Джошкун қол қойды.

Меморандум ауа райын болжау саласындағы тәжірибе мен технологиялар алмасуды дамытуды, қауіпті табиғи құбылыстар мен қоршаған орта мониторингін жетілдіруді, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізуді көздейді.

Аталған құжатқа қол қою Қазақстан мен Түркия арасындағы гидрометеорология және климат саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамытудың маңызды қадамы болды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.