63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуінде отандасымыз Норвегия өкілі Сара Наташа Фемер-Педерсенмен күш сынасты.
Любовь Юн жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті
62
оқылды

Қазақстан құрамасының таеквондошысы Любовь Юн Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңіске жетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

63 келіден жоғары салмақ дәрежесіндегі алғашқы кездесуінде отандасымыз Норвегия өкілі Сара Наташа Фемер-Педерсенмен күш сынасты.

Любовь Юн қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті (17:1, 15:0) және Олимпиаданың ширек финалына жолдама алды.

Қазақстандық таеквондошының келесі қарсыласы Бразилия спортшысы Рафаэла Мейреллес да Коста болмақ.