Қазақстанда ғылым саласына бөлінген бюджет қаражатын пайдалану барысында 51 миллиард теңгеге қатысты заңбұзушылық анықталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл Жоғары аудиторлық палатаның жүргізген мемлекеттік аудиті нәтижесінде белгілі болды.
Тексеру барысында ғылыми жобаларды қаржыландыру, бюджет қаражатын бөлу және оның жұмсалуын бақылау мәселелеріне назар аударылған.
Аудит қорытындысы ғылым саласындағы қаржылық тәртіп пен мемлекеттік қаражатты пайдалану тиімділігіне қатысты кемшіліктер бар екенін көрсетті.
Айта кетейік, анықталған 51 миллиард теңгенің барлығы жымқырылған қаражат деген сөз емес. Бұл сома аудит барысында тіркелген заңбұзушылықтарға қатысты.
