Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді.
Ақнұр Тұрсынғали бокстан жасөспірімдер Олимпиадасының финалына шықты
139
оқылды

Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жазғы жасөспірімдер Олимпиадасында бокстан жартылай финалдық жекпе-жектер басталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ақнұр Тұрсынғали 57 келіге дейінгі салмақта Украина өкілі Евангелина Петрукпен қолғап түйістірді.

Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілердің шешімімен 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Ақнұр Тұрсынғали Олимпиада ойындарының алтын медалі үшін жұдырықтасады. Оның финалдағы қарсыласы бразилиялық Сара Кампос болмақ.

Айта кетейік, финал 12 қарашада өтеді.