Бүгін «Әділет» партиясының орталық аппаратында еліміздегі «Креативті экономика туралы» заң жобасы бойынша жұмыс кеңесі өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz
«Әділет» партиясы Төрағасының орынбасары Нұрсұлтан Байтілесов бүгінгі отырыстың партияның креативті индустрияны дамытуда экономиканы әр тараптандырудың, кәсіпкерлікті және адам капиталды дамытудың перспективалы бағыттарының бірі ретінде қарастыратынын жеткізді.
Оның айтуынша, креативті индустрияны дамыту – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтындағы экономикалық бағыттарының маңызды бағыттарының бірі. Бұл бағытта зияткерлік институтты қорғау, өңірлердегі инфрақұрылымды дамыту және шығармашылық өнімдерді нарыққа шығаруға жағдай жасау маңызды міндеттер белгіленген.
– Партияның сайлау алды бағдарламасында шағын бизнесті қорғау, қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру, қажетті инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ кәсіпкерлік меншікті қорғау жөніндегі шараларды көзделген. Біздің мақсатымыз – креативті индустрияның ел экономикасына үлесін ұдайы арттыру.
Бұл саланың ауқымы статистикалық деректе көрсетілген. Уәкілетті органының мәліметінше, Қазақстанда креативті индустрия саласында шамамен 46 000 субъект жұмыс істесе, 156 000-ға жуық азамат еңбек етіп келеді. Сондықтан бұл саланың одан әрі дамыту үшін бірқатар жүйелі мәселелерді шешуден бастаған жөн. Мәселен, креативті жобалардың көбінде дәстүрлі материалдық активтер болмайды. Олардың негізі – құндылығы зияткерлік меншікке, болашақ табысқа және өнімнің нарықтағы әлеуетіне тікелей байланысты. Сол себепті мұндай активтерді бағалаудың түсінікті тетігін қалыптастыру және қаржы ұйымдарын қолдау көрсету кезінде жағдай жасау маңызды, – деді ол.
Нұрсұлтан Байтілесов сол үшін шығармашылықпен айналысатын кәсіпкерлерге студиялар, өндірістік алаңдарға, креативті кеңістіктер мен орталықтар қажет екені баршамызға мәлім. Мұндай инфрақұрылым ірі қалаларда ғана емес, алшақ орналасқан аудандар да болуы тиіс.

– Қазақстандық шығармашылық өнімдерді ішкі және халықаралық нарыққа шығуына жағдай жасауымыз керек. Бұл ретте фестивальдер мен көрмелерге қатысу, әріптестік байланыс орнату және өнімді тарату арналарының дамуы маңызды. Ал енді халықаралық тәжірибе де көптеген елдерде мемлекет тарапынан үлкен қолдау көрсетіледі. Оңтүстік Кореяда 2027 жылға дейін контент индустриясын қаржыландыруға 5 триллион воннан астам қаржат бөлінген. Оның ішінде инвестициялық қорлар, кепілдіктер және кредиттік құралдар бар. Ал Ұлыбританияда 2025 жылы креативті индустрияны қолдауға 380 миллион фунт стерлинг көлемінде арнайы қаржыландыру пакеттері жарияланған. Бұл қаржаттар инвестиция тартуға және инновациялар дамытуға, мықты кадрлар дайындауға және өмірлері инфрақұрылымын дамытуға бағытталған, – дейді Нұрсұлтан Байтілесов.
Құрылтайдың Цифрландыру, инновациялар және ғылым комитетінің төрағасы Дархан Ахмедиевтің айтуынша, креативті экономика енді ғана дамып жатқан, өте жас сала.
– Өзге елдермен салыстырғанда елімізде бұл сала қарқынды дамып келе жатыр деуге болады. Алдыға қойылған мақсат көп. Соның бірі – жеке «Креативті экономика туралы» заң қабылдап, осыған қатысты мәселенің бәрін реттеуге көмектесетін бірден бір жол, – дейді Құрылтай депутаты.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің вице-министрі Рустам Әлиұлы бүгінгі күні креатив индустрия – шығармашылық қызмет, өнер, бизнес және инновациялық технологиялардың түйіскен жерінде пайда болатын экономиканың құндылықтың, жаңа жұмыс орындарын құратын, қазіргі әлемдегі мемлекеттердің бәсекеге қабілеттілігін айқындайтын экономиканың маңызды секторы деп санайды.

Айтуынша, Қазақстанның креативтік экономикасы өзінің тұрақты даму қарқынын көрсетіп отыр.
«Қазіргі таңда креативтік индустриялар жаңа статистика бойынша, 228 мыңнан астам адам жұмыспен қамтылған. Ал осы саланың субъектінің саны 67,5 мыңға жетеді. 2025 жылы креативтік индустрияның жалпы қосылған құны 2,7 триллион теңгеге жетті. Оның 66%-дан астам Алматы мен Астана қалаларының үлесіне тиесілі еді. Креативтік индустрияның бюджетке түскен салық түсімінің көлемі 2,207 млрд теңгеге жетті.
Бұл – мыңдаған кәсіпкердің, маманның, дизайнердің, әзірлеушінің, сәулетшінің, кинематографтың, графистің және басқа да шығармашылық кәсіптерінің еңбегінің нәтижесінде қалыптасқан елеулі экономикалық көрсеткіші. Қазіргі креативтік экономиканың ең ірі бағыты – IT және ойын индустриясы, гейм деп аталады. Оның жалпы қосылған құндағы үлесі 50%-ды құрайды. Ал дәстүрлі бағыттың ішінде сәулет сән және дизайн саласы елеулі орын алады. Оның үлесі шамамен 20%-ға жетті», – дейді Рустам Әлиұлы.
Креативті индустрияларды дамыту қорының төрағасы Ерлан Каналимовтың айтуынша, осы заң жобасында креативтік индустрияларды дамыту қормен бірыңғай оператор жеке құрылымдар ретінде қарастырылған. Салдарынан көп реттіліктің қайталануына және қоғам шарларының бөлшектенуіне әкелуі мүмкін. Сондықтан бірыңғай оператор мәртебесін қосымша заңды тұлға құрмай, бұны қорға беруді ұсынып, заңдағы бірқатар мәселені талқыға салды.

– Креативті экономиканы дамытудың заңнамалық негізін жетілдіру. Қор жүзеге асырып жатқан жобалар креативті кәсіпкерлерге қолдау көрсетудің нақты құралдары қажет екенін көрсетті. Бірақ жекелеген бастамалар саланы толық қамтуға жеткіліксіз, сондықтан институционалдық, қаржылық және құқықтық тетіктерден бір жүйеге біріктіру маңызды.
Заң жобасына әзірленген ұсыныстар бірыңғай қолдау жүйесін қаржыландыру мен салықтық ынталандыруды, зияткерлік меншікті коммерцияландыруды дамыту мен экспортты қамтиды. Басты бағыттар: креативті бизнестің тұрақты дамуы және отандық өнімдердің бәскеге қабілеттігі, – деді Ерлан Каналимов.
Бүгінгі дөңгелек үстелдің өткізілге Құрылтай депутаттары, мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы арасында ашық пікір таласпен өтіп, креативті экономика саласындағы мәселелер талқыланды. Бұл отырыс мемлекеттік орган мен кәсіби қауымдастықтың пікірлерін тыңдауға, заң жобасын пысықтау барысында нақты ұсыныстар әзірлеуге мүмкіндік берді.
