Келіссөздерге BlackRock, Global Infrastructure Partners (GIP), Orion Resource Partners, Marriott International және General Motors компаниялары қатысты.
Қазақстан АҚШ-тың ірі компанияларымен инвестициялық ынтымақтастықты кеңейтуді талқылады
168
оқылды

9–10 қараша күндері Вашингтонға жұмыс сапары аясында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ардақ Зебешев америкалық жетекші компаниялардың басшылығымен бірқатар екіжақты кездесу өткізді, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Келіссөздерге BlackRock, Global Infrastructure Partners (GIP), Orion Resource Partners, Marriott International және General Motors компаниялары қатысты.

Тараптар инфрақұрылым, энергетика, тау-кен өнеркәсібі, маңызды минералдарды өңдеу, автомобиль өндірісі және қонақүй бизнесі салаларындағы инвестициялық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін талқылады.