Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және Қазақстанның басқа да облыстарынан келген фермерлік шаруашылықтар қатысады.
Астанада «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді
Фото: istockphoto.com
101
оқылды

Астанада алдағы демалыс күндері, яғни 14-15 қарашада кезекті «Соғым-FEST» ет жәрмеңкесі өтеді. Елорда тұрғындары мен қонақтары отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерінен ет өнімдерін делдалсыз әрі тиімді бағада сатып ала алады. Бұл туралы қала әкімдігінің ресми сайты жазды, – деп жазды Aikyn.kz.

Жәрмеңкеге Ақмола, Абай, Қарағанды, Павлодар және Қазақстанның басқа да облыстарынан келген фермерлік шаруашылықтар қатысады. Еттің бір келісі 3 300 теңгеден басталады.

Жәрмеңке жыл соңына дейін әр демалыс күндері елорданың үш сауда алаңында өтеді:

•    «Keruen Joly» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 35Б;

•    «Ет Әлемі» сауда орталығы – Алаш тасжолы, 31/1;

•    «Jurt» сауда орталығы – Бейбарыс Сұлтан көшесі, 3.

14 және 15 қараша күндері жәрмеңке сағат 09:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс істейді.

Жәрмеңке өтетін орындарға қоғамдық көлікпен жетуге болады:

•    «Keruen Joly» және «Ет Әлемі» сауда орталықтарына: №7, 11, 39, 41, 45, 53, 59, 76, 81, 82, 120, 120А, 307 және 317;

•    «Jurt» сауда орталығына: №2, 7, 13, 32, 42, 49, 50, 67 және 73.

Айта кетейік, жәрмеңкенің алғашқы екі күнінде, яғни 7-8 қарашада шамамен 150 тонна ет өнімі сатылды. Жоба аясында барлығы 1 000 тоннадан астам ет өнімін өткізу жоспарланып отыр.

Жәрмеңке отандық ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдауға, өнімді делдалсыз сату жолдарын дамытуға және елорда тұрғындарын қолжетімді бағада сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.