Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен кездесті.
Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасының күміс жүлдегері атанды
46
оқылды

Қазақстандық боксшы Ақнұр Тұрсынғали Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан жасөспірімдер Олимпиадасының финалында өнер көрсетті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Отандасымыз 57 келіге дейінгі салмақта бразилиялық Сара Кампоспен кездесті.

Алғашқы раундта Ақнұр басым түсті. Дегенмен бразилиялық боксшы екінші және үшінші раундтарда тізгінді өз қолына алып, 4:1 есебімен жеңіске жетті.

Осылайша Ақнұр Тұрсынғали жасөспірімдер Олимпиадасын күміс жүлдемен аяқтады.

Айта кетейік, ұлттық құраманың еншісінде алты медаль бар. Бұған дейін дзюдошы Фатима Сұпығалиева (52 келіге дейін) және велошабандоз Әнел Тәшбай алтын алса, таеквондошы Любовь Юн (63 келіден жоғары), триатлоншы Рамазан Әйнегов және боксшы Марал Төлепберген (54 келіге дейін) қола алған еді.