Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Жұмабекова жеңіске жеткен раундтары үшін үш ұпай алды және 20 дауыс жинады.
Айзара Жұмабекова брейкингтен жасөспірімдер Олимпиадасының ширек финалына шықты
Фото: ҚР ҰОК
137
оқылды

Брейкингтен Қазақстан құрамасының спортшысы Айзара Жұмабекова Дакарда (Сенегал) өтіп жатқан 2026 жылғы жасөспірімдер Олимпиадасының топтық кезеңінен сәтті өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

B-Girl Aizara лақап атымен өнер көрсететін отандасымыз В тобында екінші орын алып, ширек финалға жолдама алды.

Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша Жұмабекова жеңіске жеткен раундтары үшін үш ұпай алды және 20 дауыс жинады.

ҚР ҰОК мәліметінше, топта бірінші орынды алты раундта жеңіске жеткен украиналық Николь Джурик (B-Girl Nikastar) иеленді.

Жарыс ережесіне сәйкес, әр топтан үздік нәтиже көрсеткен екі спортшы, сондай-ақ үшінші орын алған қатысушылар арасынан көрсеткіші жоғары екі брейкинг шебері ширек финалға тікелей жолдама алды.

Айта кетейік, плей-офф кезеңі ертең, 13 қарашада өтеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.