Қазақстанда адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы вакцинаның алғашқы дозасын 360 мыңнан астам қыз бала алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2024 жылғы қыркүйектен бастап 2026 жылғы 12 қазанға дейін 11-13 жас аралығындағы 301,7 мыңнан астам қыз бала вакцинаның алғашқы дозасын, ал 196,6 мыңы екінші дозасын алды.
2026 жылы мемлекеттік иммундау бағдарламасы 14-17 жас аралығындағы қыздарды да қамтитындай етіп кеңейтілді. Бұл жас тобында шамамен 58,6 мың қыз бала вакцинаның алғашқы дозасын, ал 19,1 мыңы екінші дозасын алды.
Вакцинация мемлекет есебінен, ата-аналарының немесе заңды өкілдерінің келісімімен ерікті түрде жүргізіледі.
АПВ-ға қарсы вакцинация жатыр мойны обыры жағдайларының басым бөлігін тудыратын вирустың ең қауіпті типтерінен қорғануға көмектеседі және болашақта аурудың даму қаупін едәуір төмендетеді.
Мониторинг деректеріне сәйкес, вакцина алған қыз балалар арасында иммундаудан кейін жағымсыз көріністер тіркелген жоқ.
Бағдарламаның кеңейтілуі заманауи профилактикалық шаралардың Қазақстандағы отбасылардың басым бөлігіне қолжетімді болуына мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
