Қарағанды облысында хабар-ошарсыз кеткен 38 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
"Зорлық-зомбылық белгісі бар": Қарағанды облысында жоғалған әйелдің мәйіті табылды
119
оқылды

Оны өлтірді деген күдікпен 40 жастағы ер адам ұсталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

13 қарашада жүргізілген жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері Теміртау қаласынан 22 шақырым жерде әйелдің мәйітін тапқан. Марқұм бұған дейін хабар-ошарсыз кеткен адам ретінде іздеуде болған. Мәйітті қарау кезінде зорлық-зомбылық белгілері анықталған.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 40 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған факті бойынша адам өлтіру дерегімен қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қылмыстың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде, – деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қылмыстық істің тергелуі облыстық Полиция департаменті басшылығының жеке бақылауына алынды.