Джастин Бэйли хет-трик жасады
«Барыс» ҚХЛ көшбасшыларының бірін жеңді
instagram.com/barys_official
119
оқылды

Астаналық «Барыс» хоккей клубы Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатында Магнитогорскінің «Металлург» командасын 5:4 есебімен жеңді.

Астанада өткен кездесуде Джастин Бэйли үш шайба соғып, хет-трик авторы атанды. Сондай-ақ «Барыс» сапынан Чейз Приски мен Кирилл Савицкий бір-бір голдан енгізді.

Осылайша, «Барыс» маусым басталғалы 14 жеңіске жетіп, 12 рет жеңіліс тапты. Команда Шығыс конференциясының турнирлік кестесінде бесінші орында тұр.

Ал Джастин Бэйли 27 ұпаймен ҚХЛ-да гол+пас жүйесі бойынша көш бастап келеді. Ол 16 шайбамен лиганың үздік сұрмергені атанып отыр.

«Барыс» келесі кездесуін 18 қарашада Уфада «Салават Юлаевқа» қарсы өткізеді.