Бұған дейін кандидаттар облыстағы білім беру мекемелерінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және өнеркәсіп нысандарында болған еді.
Еңбек ұжымының ұсыныстары назарда: «Әділет» партиясының кандидаттары автобус паркінің қызметкерлерімен кездесті
237
оқылды

Үгіт-насихат шаралары аясында Ақмола облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттар Берген Беспалинов, Расул Сыздықов және Әсен Жақсылықов қалалық автобус паркінің еңбек ұжымымен кездесті, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұған дейін кандидаттар облыстағы білім беру мекемелерінде, ауыл шаруашылығы кәсіпорындарында және өнеркәсіп нысандарында болған еді. Бұл жолы кездесу күн сайын көкшетаулықтарды жұмысқа, оқуға және үйлеріне жеткізіп, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз етуге үлес қосып жүрген автобус паркінің қызметкерлерімен жалғасты.

Кездесу барысында кәсіпорын қызметкерлері саладағы өзекті мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Ал кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, Мемлекет басшысының Жолдауында көтерілген және Ақмола облысы үшін маңызды міндеттерді талқылады.

«Әділет» партиясы Ақмола облыстық филиалының төрағасы Берген Беспалинов сайлауалды бағдарламада тұрғын үй құрылысы мен жылумен қамту мәселелерінің өзара байланыста қарастырылуының мәнін түсіндірді.

«Бағдарламаны әзірлеу барысында тұрғындарды толғандыратын ең өзекті мәселелер ескерілді. Олардың қатарында абаттандыру, ауызсудың сапасы, жылумен қамту және жылу энергиясының тапшылығы бар. Жаңа жылу электр орталығының (ЖЭО) салынуын күтіп отырмыз. Бұл жылу мәселесін шешуге ғана емес, тұрғын үй құрылысын, соның ішінде әлеуметтік осал топтарға арналған баспана құрылысын кеңейтуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар жолдарды жөндеу мәселесі де өзектілігін жоғалтқан жоқ», – деді Берген Беспалинов.

Өз кезегінде кандидат Расул Сыздықов автобус паркінің қызметкерлеріне күнделікті еңбегі үшін алғыс айтып, Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттердің партияның сайлауалды бағдарламасында қалай көрініс тапқанына тоқталды.

«Сіздердің еңбектеріңіз қала тұрғындары үшін өте маңызды. Күн сайын адамдарды жұмысқа, балаларды мектепке жеткізіп, жолаушылардың діттеген жеріне аман-есен жетуіне үлес қосып жүрсіздер. Бұл – үлкен жауапкершілікті талап ететін жұмыс. Біздің сайлауалды бағдарламамыз Мемлекет басшысының Жолдауында белгіленген міндеттерге негізделіп, тұрғындарды толғандыратын өзекті мәселелерді шешуге бағытталған. Күнделікті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Баршаңызды сайлауға қатысып, өз таңдауларыңызды жасауға шақырамын», – деді «Әділет» партиясынан Ақмола облыстық мәслихатының депутаттығына кандидат Расул Сыздықов.

Ал Әсен Жақсылықов сайлаушылармен диалог сайлаудан кейін де жалғасуы керектігін атап өтті. Оның айтуынша, мемлекеттік қызметтегі тәжірибесі қаладағы әлеуметтік мәселелерді тереңірек түсінуге мүмкіндік берген. Сондай-ақ ол тұрғындарды депутаттардан сайлауалды бағдарламада айтылған міндеттердің орындалуын талап етуге шақырды.

«Сайлауға келіңіздер. Ал сайлаудан кейін бізден сайлауалды бағдарламада көрсетілген уәделердің орындалуын талап етіңіздер. Қандай жұмыстар атқарылғанын, қандай мәселелер әлі де шешімін күтіп тұрғанын ашық сұрауға толық құқыларыңыз бар. Бізге қаланың тыныс-тіршілігін жақсы білетін, оның мәселелеріне бейжай қарамайтын және оларды бірлесіп шешуге дайын белсенді азаматтар қажет. Сіздердің еңбектеріңізді құрметтеймін және оның қаншалықты қиын әрі жауапты екенін жақсы түсінемін», – деді Әсен Жақсылықов.

Кездесу соңында автобус паркінің қызметкерлері кандидаттарға жолаушылар тасымалы мен қаланың даму перспективаларына қатысты сұрақтарын қойды. Кандидаттар ұжымның өтініштері мен ұсыныстарын тіркеп, оларды алдағы уақытта жұмыс барысында назарға алатынын жеткізді.

 

Материалды «Әділет» партиясы Ақмола филиалының баспасөз қызметі дайындады.

Тапсырыс беруші: Беспалинов Б.М. Ақмола облыстық мәслихаты депутаттарының сайлауында партиялық тізімді ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.