Ауа райының бұзылуына байланысты Ақтөбе және Қостанай облыстарында республикалық тасжол жабылды.
Шұғыл ақпарат: Ақтөбе және Қостанай облыстарында республикалық автожолда қозғалыс шектелді
Фото: iStock
115
оқылды

«ҚазАвтоЖол» ҰК АҚ мәліметінше, аталған жол учаскелерін 2026 жылғы 18 қараша сағат 17:00-де қайта ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

2026 жылғы 18 қараша сағат 11:00-де ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар келесі автожолдарда автокөліктердің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізіледі:
Ақтөбе облысы:
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 309-461 шақырым аралығы (Қостанай облысының шекарасы – Т. Жүргенов а.);
Қостанай облысы:
«Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 168-309 шақырым аралығы (Денисовка а. – Ақтөбе облысының шекарасы);
Жолды 2026 жылғы 18 қараша сағат 17:00-де ашу жоспарланған.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.