Қазақстанда келер жылдан бастап ипотеканың бастапқы жарнасын 10 пайызға дейін төмендету мәселесі қарастырылып жатыр.
Бастапқы жарнаның базынасы
77
оқылды

Мұндай өзгеріс пәтер алуға ниетті, бірақ алғашқы жарнаға жеткілікті қаражат жинай алмай жүрген азаматтарға мүмкіндік ашары сөзсіз. Алайда жарна азайған сайын азаматтың банктен алатын қарызы көбейеді. Ал несиеге қол жеткізетіндер саны артса, тұрғын үйге сұраныс та өсуі мүмкін. Сондықтан ұсынылып отырған өзгерістің салдарын да саралап көрген жөн.

Тәуелсіз сарапшы Айбар Олжай­дың пікірінше, бастапқы жар­наны азайту – баспанаға мұқтаж аза­мат­тарды қолдаудың бір жолы. 

– Үкіметтің халыққа қолдау көрсету ая­сында ипотеканың бастапқы жар­на­сын 10 пайызға дейін төмендету мәсе­ле­сін қарастырып жатқаны – жақсы жаңа­­лық. Өйткені баспанамен қамту – ха­лықтың әлеуметтік әл-ауқатын арт­тыру­дың негізгі бағыттарының бірі. Мем­лекет азаматтардың баспана алуы­на өз тарапынан көмектессе, бұл сол мә­селені шешуге жасалған нақты қадам бо­лады, – дейді Айбар Олжай.

Қазақстан Ұлттық Банкінің есебіне сүйен­сек, 2018 жылы елде шамамен 500 млрд теңгеге, 2019 жылы 750 млрд тең­геге, ал 2024 жылы 2,1 трлн теңгеге ипо­­­­тека берілген. Сәйкесінше, осы ара­лықта тұрғын үй бағасы да шарық­тады. Дегенмен сарапшылардың пі­кі­рін­­ше, жеңілдікті бағдарламаларға өті­німнің көп түсуі халықтың баспанаға мұқ­таж екенін және нарықтық ипо­те­каның шарттары көп отбасының табы­сына сай келмейтінін көрсетеді. 

– Қазақстан қаржыгерлер қауым­дас­тығының дерегінше, 2025 жылы жаңа­дан берілген ипотекалық несие­лер­дің 74 пайызы жеңілдікті бағдарла­ма­ларға тиесілі болған. Ал коммерция­лық банктердің нарықтық ипотекадағы үлесі 20 пайызға дейін төмендеген. Жеңіл­дікті бағдарламаларда пайыздық мөлшерлеме төмен болғандықтан, ай сайынғы төлем де аз болады. Нарықтық ипо­текада несие құны жоғары, сондық­тан оны өтеуге көп отбасының қаржы­лық мүмкіндігі жете бермейді, – дейді экономист Бауыржан Ысқақов.

Сарапшының сөзінше, ұзақ мер­зімде нарықтық ипотека да аза­маттарға қолжетімді болуы керек. Ол үшін инфляцияны төмендету, банк­тер­дің ұзақмерзімді қаржы тарту мүм­кін­дігін кеңейту және халықтың нақты та­­­бысын арттыру маңызды. Дегенмен Қа­зақстан бұған дейін де ауқымды тұр­ғын үй бағдарламаларын іске асырып келді.

– Тұрғын үй саясатымыздың бағы­ты айқын. Мемлекет баспанаға мұқтаж азаматтарға ипотеканың пайыздық мөл­шерлемесі, несие шарттары және са­лы­нып жатқан тұрғын үйдің бағасы бойын­ша қолдау көрсетеді. Соның ар­қа­сында баспанаға мұқтаж азаматтар­дың бір бөлігі үй алып жатыр. Ал ме­м­ле­кеттің көмегінсіз олардың баспана алуы өте қиын. Мұны мемлекеттің өз аза­маттарына қамқорлық көрсетуінің бір көрінісі деп бағалаймын, – дейді Ай­бар Олжай.

Алғашқы жарнасы төмен ипотека шетелде де қолданылады. АҚШ-та кей­бір ипотекалық өнімдерде бастапқы жар­на аз болғанда, банктің тәуекелін азай­ту үшін сақтандыру қолданылады. Ұлы­британияда осы мақсатта мемле­кет­тік кепілдік берілген. Ал ипотеканың пайызы елдегі базалық мөлшерлемеге де байланысты екенін Айбар Олжай атап өтті.

– Басқа көптеген елде банктердің нарықтық мөлшерлемесі жоғары болып тұрған кезде мемлекет тарапынан мұн­дай қолдау сирек көрсетіледі. Әрине, ипотеканың пайызы төмен елдер бар. Бірақ ол елдерде базалық мөлшерлеме де төмен. Соған сәйкес, мысалы, де­по­зиттің пайызы да төмен болады. Ал біз­де мемлекет ипотеканы қолжетімді ету үшін едәуір көлемде субсидия беріп отыр, – дейді ол.

Ұлттық статистика бюросының мә­лі­метінше, 2025 жылғы желтоқсанда жаңа тұрғын үй бағасы бір жыл бұрын­ғыдан 15,7 пайызға өскен. Сол жылы елде 20,3 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Бастапқы жарна тө­мендеп, несие алатындар көбейсе, оның баға­ға ықпалы сатылымдағы пә­тер са­ны­на да байланысты болады. Әсі­ресе жеңілдік тек жаңа үйлерге қол­данылса, қо­сымша сұраныс бастапқы нарық­қа шо­ғырлануы мүмкін.

Бауыржан Ысқақовтың айтуынша, бас­тапқы жарнаны 20 пайыздан 10 пайыз­ға түсіру көп отбасының ипотека алуын жеңілдетуі ғажап емес. Алайда са­тып алушылар саны күрт көбейіп, са­тылымдағы пәтер саны сол күйінде қал­са, қосымша сұраныс тұрғын үй ба­ғасын өсіруі ықтимал. 

– Сондықтан ипотека шарттарын жеңіл­­детумен қатар жаңа үй құрылысын кө­бейту, құрылыс материалдарының өзін­­дік құнын төмендету және инже­нер­­лік инфрақұрылымды дамыту маңыз­ды. Меніңше, басты мақсат – ха­лық­тың табысына сай келетін баспана ұсы­нысын қалыптастыру, – дейді ол.

 Ал Айбар Олжай қазіргі құрылыс қар­қыны мен нарықтағы белсенділікті ес­керіп, бұл шара бағаны одан әрі кө­те­ре қоймайды деп есептейді. 

– Бастапқы жарнаны төмендету ба­ға­ны одан әрі көтеріп жібереді деп ой­ламаймын. Себебі Қазақстан тұрғын үй құрылысының қарқынын жоғалтқан жоқ. Жылына 20 миллион шаршы метр­ден астам тұрғын үй салынып келе­ді. Ал соңғы жылы зейнетақы жинағы­ның тұрғын үй нарығына ықпалы бә­сең­деді. Жинақты баспана алуға пай­да­лану үшін белгіленген жеткіліктілік шегі кө­терілгеннен кейін нарыққа осы жол­мен келіп жатқан қомақты қаржы ағы­ны азайды. Бұрын нарыққа серпін бер­ген осы фактордың ықпалы әлсіре­ген соң тұрғын үй нарығы біртіндеп сал­қындай бастады. Сатып алу-сату мә­мілелері де азая түсті. Осындай кезде мем­лекеттік ипотеканың кейбір шарт­тарын адамдарға ыңғайлы ету нарыққа қайтадан жаппай серпін бере қоймайды. Сондықтан бұл шараның өзі тұрғын үй ба­ғасын одан әрі өсіруге елеулі ықпал ете­ді деп ойламаймын, – дейді Айбар Олжай.

Сарапшылар қазір азаматтардың баспаналы болуына кедергі бо­лып отырған негізгі түйткілдерге де тоқ­тала кетті. Экономист Бауыржан Ысқа­қовтың пайымынша, осы тектес мынадай үш кедергіні атап өтуге бола­ды: 

– Біріншісі – тұрғын үй бағасының жо­ғары болуы. Екіншісі – бастапқы жар­наны жинаудың қиындығы. Үшін­шісі – ай сайынғы ипотека төлемінің отбасы бюджетіне түсіретін салмағы. Мы­салы, 30 млн теңгелік пәтердің бас­тап­қы жарнасы 20 пайыз болса, 6 млн теңге жинау керек. Жарна 10 пайызға түс­се, 3 млн теңге жеткілікті. Бірақ мұн­дай жағдайда несие сомасы 24 млн тең­геден 27 млн теңгеге дейін өседі. Мөл­шерлеме мен несие мерзімі сол күйін­де қалса, ай сайынғы төлем де ар­та­ды. Сондықтан баспананың қол­же­тімділігін бағалағанда үй бағасының халық табысына қатынасын және ай сайынғы төлемнің отбасы кірісіндегі үлесін қатар қарау керек, – дейді ол.

– Ал баспанаға шынымен мұқтаж адам үшін бастапқы жарнаны азайту – тиімді тетіктердің бірі. Қазір инфляция жо­ғары, осындай кезде бастапқы жар­наға қажет соманы жинау қиын. Жарна тө­мендесе, ол баспана алғысы келетін адамдарға белгілі бір дәрежеде жеңілдік береді, – дейді сарапшы.

Төмен жарна кеңірек қолданылса, оның нәтижесі жеңілдіктің кімге бері­ле­тініне, қандай тұрғын үйге қолданы­ла­тынына және қанша отбасын қамти­тынына байланысты болады. 

– Әрине, бұл шараның нақты әсе­рін кейін есептеп, бағалай аламыз. Әуе­лі бағдарлама іске қосылып, жеңіл­дік беріле бастасын, шарттары белгілі бол­сын. Ең маңыздысы – оның нақты кімге берілетіні. Менің түсінуімше, жеңіл­дік жаппай берілмейді, баспанаға мұқ­таж азаматтардың белгілі бір сана­тына ғана қолданылады. Сондықтан бастапқы жарнаны төмендету қанша­лықты тиімді болғанын оның шарттары мен кімге берілетіні анықталғаннан кейін айта аламыз, – дейді Айбар Ол­жай.

Жеңілдіктің нәтижесін қанша несие берілгенімен өлшеу жеткіліксіз. Оның на­рықтағы бағаға әсері мен екінші дең­гейлі банктер беретін ипотекаға ықпалы да назардан тыс қалмаса дейміз.

Кәмила ДҮЙСЕН