Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауқымды құрылыс жүргізу, цифрлық экономиканы қалыптастыру, логистика инфрақұрылымын дамыту және жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу міндеттерін іске асыруда жоғары білім мен ғылым жүйесінің шешуші рөлін атап өтті, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақордаға сілтеме жасап.
Президенттің айтуынша, аталған бағыттар ұлтымыздың болашаққа ұмтылысын айқындайтын аса маңызды міндеттер болып табылады. Ал бұл жұмыстың барлығын сапалы атқару үшін ең алдымен кәсіби даярлығы жоғары, білікті мамандар, тіпті жаңа мамандық иелері қажет.
«Жалпы, ауқымды құрылыс жүргізу, цифрлық экономика құру, логистика инфрақұрылымын дамыту, жасанды интеллектіні барлық салаға енгізу – ұлтымыздың болашаққа ұмтылысын айқындайтын аса маңызды міндеттер.
Бұл жұмыстың бәрін сапалы орындау үшін, ең алдымен, кәсіби даярлығы жоғары, білікті мамандар, тіпті, жаңа мамандық иелері қажет болады.
Демек «Халықтық құрылыс» жоғары білім жүйесіне де зор жауапкершілік жүктейді.
Ғылым саласы бұл ауқымды өзгерістерге толық дайын болуы керек деп санаймын. Сондықтан бүгінгі жиынның өте өзекті екені анық», - деді Президент.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
