Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлімдеді.
Стратегиялық әріптестер форумы аясында БҰҰ университетінің өңірлік филиалын ашу туралы келісімге қол қойылады
137
оқылды

Қазақстанда Біріккен Ұлттар Ұйымы университетінің өңірлік зерттеу хабын ашу жоспарланып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Тиісті келісімге бүгін ІІІ Стратегиялық серіктестер форумы аясында қол қойылады.

«Бүгінгі форум аясында Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Біріккен Ұлттар Ұйымы университеті Қазақстандағы өңірлік зерттеу хабын ашу туралы келісімге қол қояды. Бұл – айтулы жетістік.

БҰҰ университетінің өкілдігін Алматыда орналастыру Қазақстанның ғылыми мүмкіндігі әлемдік дәрежеде мойындалғанына дәлел болады, сондай-ақ басқа да білім беру мекемелерімен және ғылыми ұйымдармен халықаралық ынтымақтастықты дамытуға жол ашады.

Осылайша, біз университеттеріміздің әлеуетін нығайтып, қуатты академиялық ортаның қалыптасуына тың серпін береміз.

Былтырғы форумда «Мықты университеттер – келешектің кепілі» деп айтқан едім. Шын мәнінде елдің технологиялық дербестікке жетуі ең алдымен, білім-ғылымның өркендеуіне тікелей байланысты.

Сондықтан біз жастарымыздың сапалы білім алып, ғылыми зерттеулермен алаңсыз айналысуына және өз идеяларын жүзеге асыруына барынша жағдай жасауымыз керек. Ұлттың зияткерлік қарымы мен қабілетін ашу тұрғысынан мұның маңызы зор.

Біз Конституциямызда айқындалған қағидаттардан айнымай, өркендеген, келешекке сеніммен көз тіккен әрі гүлденген мемлекет құруды жалғастырамыз», - деді Тоқаев.