Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ІІІ Стратегиялық серіктестер форумында ғылым мен білімнің бүкіл адамзатқа ортақ құндылық екенін атап өтіп, Қазақстанның халықаралық зияткерлік ынтымақтастықты кеңейтуге басымдық беретінін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
«Ғылым – тұтас адамзаттың игілігіне қызмет ететін теңдессіз құндылық. Сондықтан білімде шекара жоқ, болмауға да тиіс.
Осы тұрғыдан алғанда, Қазақстан барлық елмен зияткерлік байланысты ұлғайтуға ұдайы баса мән береді.
Бұл ретте еліміздің білім және ғылым саласын дамытуға елеулі үлес қосып келе жатқан университет басшыларына, ғалымдарға, оқытушыларға және барша әріптестерімізге тағы да алғыс айтамын.
Алдағы уақытта да бірлесіп көптеген озық бастамаларды жүзеге асырып, өзара пайдалы байланыстарымызды жаңа деңгейге көтереміз деп сенемін», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
