Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің үшінші форумында айтты.
Құт қонған Қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады –  Тоқаев
190
оқылды

Қазақстанның барлық өңірінде жаңа әлеуметтік нысандар, жолдар, электр және су стансалары, деректерді өңдеу орталықтары салынады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Қазақта «Еңбек төрге оздырады» деген сөз бар. Шын мәнінде, өз ісін адал атқарып, міндетіне үлкен жауапкершілікпен қарайтын азаматтардың арқасында еліміз өсу, өрлеу дәуіріне қадам басып келеді. Біз жасампаз әрі озық ойлы ұлт болып әрдайым алысқа көз тігеміз, ел мүддесі үшін тек қана биік мақсаттарға ұмтыламыз. Мемлекет басшысы ретінде осы мақсатқа адал болу – мен үшін қастерлі парыз.

Биылғы Жолдауымда көрініс тапқан «Халықтық құрылыс» бағдарламасы соның айқын дәлелі екені сөзсіз. Бұл – құт қонған қазақ даласы енді ауқымды құрылыс аумағына айналады деген сөз. Алдымызда тұрған құрылыс жоспары – шын мәнінде, оның ауқымы тұрғысынан алып қарасақ, айбынды әрі бірегей. Еліміздің барлық аймағында емхана, аурухана, балабақша, мектеп, мәдениет және спорт ғимараттары, яғни, халқымыздың тұрмыс сапасын жақсартуға арналған аса маңызды әлеуметтік нысандар бой көтереді. Сапалы жолдар төселеді, атом, су, электр стансалары, деректерді өңдеу орталықтары салынады»,- дейді Қасым-Жомарт Кемелұлы.