Президент Қасым-Жомарт Тоқаев агросекторды қаржыландырудағы кемшіліктерге назар аударып, Үкіметке 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін әзірлеуді тапсырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Агросекторға қолжетімді әрі ұзақмерзімді қаржыландыру көзі қажет. Бұл жөнінде бірнеше мәрте айттық. Аграрлық кредиттік корпорация мен «ҚазАгроҚаржының» қолданыстағы инвестициялық құралдары өтінімдерді ұзақ қарайды әрі рәсімделу тәртібі қиын, сондай-ақ цифрландыру жағы жеткілікті деңгейде емес. Сондықтан Үкімет «Бәйтерек» холдингімен және қаржы нарығын реттеуші органмен бірлесіп 2027 жылдың бірінші тоқсанының соңына дейін агросекторға арналған инвестициялық құралдардың бірыңғай тізбесін ұсынғаны жөн, – деді Президент.
