Қазақстанда былтырдан бері 71 тауарлы сүт фермасы іске қосылып, 33 бордақылау алаңы салынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
– Мемлекет бұл салаға нақты қолдау көрсетіп келе жатыр. Кейінгі жылдарда ата кәсіппен айналысатын бизнес өкілдеріне несие беру көлемі ұлғайды. Асыл тұқымды мал сатып алуға баса назар аударылатын болды. Жаңа фермалар мен бордақылау алаңдары салынып жатыр. Мәселен, былтырдан бері 71 тауар сүт фермасы іске қосылды, 33 бордақылау алаңы салынды.
Енді осы өндіріс орындарының тиімді әрі тұрақты жұмыс істеуі үшін қажетті жағдай жасау керек. Шаруашылықтарды сапалы жем-шөппен қамтамасыз еткен жөн. Дайын өнімді өткізу мәселесі де шешімін табуға тиіс. Жайылымдардың өнімділігін қалпына келтіруге және егістік көлемін ұлғайтуға ерекше көңіл бөлген абзал. Су көздері де шаруа қожалықтары үшін қолжетімді болуы керек, – деді Қасым-Жомарт Кемелұлы.
