Бұл туралы Ақорда жазды.
Қазақстанда қолданылатын тыңайтқыштың жартысына жуығы шетелден әкелінеді – Президент
111
оқылды

Қазақстанда пайдаланылатын тыңайтқыштың жартысына жуығы шетелден жеткізіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– Сонымен бірге отандық тыңайтқыш өндірісін дамытудың маңызы зор. Қазір пайдаланып жүрген тыңайтқыштың жартысына жуығы шеттен келеді. Жағдайды бұлай қалдыруға болмайды. Бұл жөнінде талай айттық.

Қазір Түркістан облысында фосфорлы тыңайтқыштар шығаратын зауыт салынып жатыр. Маңғыстау облысында еліміздегі алғашқы аммиак-карбамид кешенінің құрылысы жоспарланған. Үкімет те осындай жобаларға қолдау көрсетеді, – деді Мемлекет басшысы.