Бұл туралы Ақорда жазды.
Мен үшін қастерлі парыз – Мемлекет басшысы ел мүддесі үшін қызмет ету туралы айтты
115
оқылды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстандағы реформалар жалғасатынын айтып, ел тағдырына қатысты маңызды шешімдер үшін жауапкершілік арқалау Мемлекет басшысының басты міндеттерінің бірі екенін айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

– «Халықтық құрылыс» бағдарламасы, жемқорлықпен жаппай күрес, мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформа, қоғамда жаңа жасампаз құндылықтарды орнықтыру – мұның бәрі үлкен жолдың басы ғана. Алдымызда әлі көптеген іс пен биік белестер күтіп тұр. Осыған дейін айтқанымдай, ел дамуына қатысты ортамерзімді және одан кейінгі перспективаға арналған ойларым мен жоспарым бар.

Мемлекетіміздің Егемендігін, Тәуелсіздігін қорғауға қатысты кейбір мәселе түбегейлі шешімін таппады. Мен ол жөнінде халыққа арнаған Жолдауымда айтқанмын. Тоқмейілсіп, бейқам жүрудің жөні жоқ. Мұны жақсы түсінуіміз керек.

Менің ойымша, Мемлекет басшысының міндеті – жүйелі әрекет ету, діттеген мақсаттан айнымау, ел тағдырындағы маңызды шешімдер үшін жауапкершілік арқалау. Еліміздегі өзгерістердің қарқын алғаны қуантады. Ол енді тоқтамайды, – деді Президент.