Бұл туралы Ақорда жазды.
Президент ауыл шаруашылығы саласының үздіктерін мемлекеттік наградалармен марапаттады
125
оқылды

Мемлекет басшысының Жарлығымен еліміздің ауыл шаруашылығы саласын дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар үздіктерді марапатталды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

 

Форум барысында Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров, «Галицкое» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Александр Касицын, «Рамадан» сүт фермасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Жарас Қанапин, «ЭКО-культура» агроөнеркәсіп холдингінің президенті Александр Рудаков, Valmont Industries компаниясының вице-президенті Филипп Шмидт-Хольцман, Ulytau Meat және Ulytau Sheep әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының төрағасы Нұрсұлтан Жарылғапов сөз сөйледі.

«Парасат» орденімен

Асанов Бейбіт Батниязұлы – «Жеңіс» ШҚ басшысы, Батыс Қазақстан облысы

Нұртазаев Бақыт – ауыл шаруашылығы саласының ардагері, Қызылорда облысы;

II дәрежелі «Достық» орденімен

Рудаков Александр Сергеевич – «ЭКО-культура» агроөнеркәсіптік холдингінің негізін қалаушы және президенті, Ресей Федерациясы;

«Құрмет» орденімен

Балжігітов Сейітжан Қапанұлы – «Достан Ата» ШҚ басшысы, Атырау облысы

Ищанов Қуаныш Аманғалиұлы – «Айс-плюс» ЖШС директоры, Ақтөбе облысы

Мақатов Қайырбай Қонқаұлы – «Бижан» ШҚ басшысы, Қостанай облысы

Хуршудов Ислам Махмудович – «Агро Балтабай» ЖШС малшысы, Алматы облысы;

III дәрежелі «Еңбек Даңқы» орденімен

Ахметжанов Рүстем Қажықанұлы – «Қапшағай МТС Сервис» ЖШС малшысы, Алматы облысы

Әменов Мәкіш Керімбайұлы – жылқышы, Ұлытау облысы

Клишин Виктор Александрович – «Жер өнімдері» ЖШС тракторшы-механизаторы, Ақмола облысы

Темірбаев Қуандық Сейіткенұлы – «Меңдеш» ШҚ механизаторы, Павлодар облысы;

«Ерен еңбегі үшін» медалімен

Әбдірайымов Дәурен Шыңғысұлы – «Дәурен» ШҚ зоотехнигі, Абай облысы

Әбсәттар Өтепберген Әкімұлы – «Өтепберген» ШҚ түйе өсірушісі, Түркістан облысы

Қапарова Әлия Айбасқызы – «Burabay Milk» ЖШС бұзау күтішусі, Ақмола облысы

Сейдахметов Бауыржан Қабиұлы – «Шалқар» ШҚ аға бақташысы, Маңғыстау облысы;

«Қазақстанның аграрлық саласының еңбек сіңірген қайраткері» құрметті атағы 

Айтөленов Дастан – «Меркі ірімшік зауыты» ЖШС директоры, Жамбыл облысы

Звольский Сергей Адамович – «Астық-STEM» ЖШС директоры, Солтүстік Қазақстан облысы

Нығметов Сейітжапар Алшынбекұлы – «Қайнар» ЖШС директоры, Қарағанды облысы

Тезекбаев Жұмаш Жұмабекұлы – «Егемендік» ШҚ басшысы, Жетісу облысы.