Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Хайсам бен Тариқ Әл Саидтің жауапты саяси қызметіне табыс, ал бауырлас Оман халқына құт-береке тіледі.
Қазақстан Президенті Оман Сұлтанының жуырда елімізге жасаған тарихи сапарын ықыласпен еске алып, оның нәтижелері екіжақты стратегиялық серіктестікті одан әрі нығайтуға септігін тигізетінін атап өтті.
