Дзюдодан Ташкентте (Өзбекстан) өтетін кадеттер арасындағы Гран-при кезеңіне қатысатын Қазақстан құрамасының тізімі белгілі болды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
ҚР ҰОК мәліметінше, аталған халықаралық бәсекеде ел намысын он спортшы қорғайды.
Ұлдар:
55 келіге дейін: Ернат Кеңесбек 60 келіге дейін: Расулхан Ғабит, Аслан Ерғалиев
66 келіге дейін: Ерік Үсенов
90 келіден жоғары: Ердәулет Жұмабай
Қыздар:
40 келіге дейін: Адия Жанахмет 57 келіге дейін: Аружан Сәрсенова, Інжу Жұмажан
63 келіге дейін: Әсия Сариева
70 келіден жоғары: Тоғжан Төлебай
Айта кетейік, Гран-при кезеңі 24-25 қараша аралығында өтеді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
