Оның айтуынша, әр адам өз мамандығы бойынша еңбек етуі тиіс
«Әділдік болмаған кезде налып кетемін»: Ақбота Керімбекова жан сырын ақтарды (видео)
Фото: әлеуметтік желі
112
оқылды

Әнші Ақбота Керімбекова Айнұр Асанбердіге берген сұхбатында шоу-бизнестегі әділетсіздік туралы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.

Өнер иесі арнайы білім алмаған адамдардың үлкен сахнада жүргеніне реніші бар екенін жасырмады. Бұл әсіресе әншілік өнерге қатысты. Оның айтуынша, әр адам өз мамандығы бойынша еңбек етуі тиіс.

«Өнер саласында жүрмін, дегенмен өнерлі екенмін деп, басым анда бір, мұнда бір сұққан ұнамайды. Әркім өз міндетін білсе. Әнші сахнасындағы, актер театрындағы міндетін білсе, бәрі орынды болар еді деген ой менде. Қазір актерың да әнші, блогерлардың бәрі әнші. Дұрыс, өнері бар шығар. Кімнің жұлдыз болғысы келмейді? Әу демейтін қазақ жоқ қой. Бірақ қаншама жыл білім аласың өнер ордасында, мұғалімдердің ұрысын естіп, таяғын жеп. Оңай емес өнерде оқу деген. Сөйтіп қаншама жылың еңбекпен, біліммен өтеді. Сонда әншейін біреу келеді де, сахнаға сенімен бірге шығып тұрады. Біреудің қызы, баласы шығар. Түсінесің, бірақ әділдік болмай қалған кезде налып кетемін. Сөйтіп айтып, жақпай қаласың», – дейді әнші.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.