Қазақстанда жыл басынан бері балалардың терезеден құлауының 265 дерегі тіркелді.
Қазақстанда биыл 30 бала терезеден құлап қаза тапқан
113
оқылды

Салдарынан 30 бала көз жұмып, тағы 235 бала жарақат алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігі жариялаған мәлімдемеде айтылды.

Құтқарушылардың айтуынша, ата-аналар көбіне терезеге орнатылған москит торын қауіпсіз деп қабылдайды. Шын мәнінде, мұндай тор баланың салмағын көтеруге арналмаған. Оған сүйенген бүлдіршін тормен бірге төмен құлап кетуі мүмкін.

Мамандар әсіресе кішкентай балалары бар отбасыларға терезелерге арнайы құлыптар мен бекіткіштер орнатуды ұсынады. Сондай-ақ терезе тұтқалары мен басқа да бөлшектердің жарамдылығын үнемі тексеріп отыру қажет.

Баланың терезе алдына өздігінен шығып кетуіне жол бермеу үшін оның жанына төсек, орындық немесе басқа жиһаз қоймаған жөн.

ТЖМ өкілдері балаларды ашық терезесі бар бөлмеде қараусыз қалдырмауды ескертеді. Өйткені бірнеше секундтық абайсыздықтың өзі қайғылы жағдайға әкелуі мүмкін.