Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды
Санжар Ерұланұлы әлем чемпионы атанды
165
оқылды

Қазақстан құрамасы Ташкентте өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. 100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Санжар Ерұланұлы финалда жапониялық Шокей Хираноны жеңіп, әлем чемпионы атанды.

Санжар финалға дейін Испания, Әзербайжан, Франция және Германия спортшыларынан басым түсті. Ал осы салмақ дәрежесінде тағы бір қазақстандық балуан Аскар Біржанов қола жүлдеге ие болды. Ол үшінші орын үшін белдесуде испаниялық Никита Юдановты жеңді.

19 жастағы Санжар Ерұланұлы осы жеңісінен кейін ол екі дүркін әлем чемпионы атанды. Бұған дейін 2024 жылы кадеттер арасындағы әлем чемпионатында топ жарған. 2026 жылғы жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионаты 19–21 қараша аралығында Ташкентте өтуде.