Асу Алмабаев UFC турнирінде жапониялық Киодзи Хоригучиге есе жіберді
Асу Алмабаевтың UFC-дегі жапониялық аңыз спортшыға қарсы жекпе-жегі күтпеген нәтижемен аяқталды
158
оқылды

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев UFC турнирінде жапониялық Киодзи Хоригучимен кездесіп, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіліп қалды.

Дохада өткен жекпе-жек үш раундқа созылды. Нәтижесінде төрешілер жеңісті Хоригучиге берді. Есеп – 30:27, 30:27, 29:28.

Осылайша, Асу Алмабаев UFC-дегі екінші жеңілісіне ұшырады. Оның кәсіби ММА-дегі көрсеткіші 24 жеңіс пен 4 жеңіліске жетті. Ал Киодзи Хоригучи жеңістер санын 37-ге жеткізіп, рекордын 37-6-ға жақсартты

Киодзи Хоригучи – жапониялық ММА тарихындағы ең танымал файтерлердің бірі. Ол 2015 жылы UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуі үшін америкалық Деметриус Джонсонмен жұдырықтасқан. Сонымен қатар RIZIN ұйымының екі салмақ дәрежесінде чемпион атанып, Bellator промоушенінің де чемпионы болған. Хоригучи – үш ірі ММА ұйымында чемпиондық атаққа қол жеткізген тәжірибелі спортшы