Қазақстан бойынша бүгінгі күнге дауылды ескерту.
Қазақстан бойынша 24 қарашада дауылды ескерту жарияланды
Фото: iStock
132
оқылды

«Қазгидромет» деректері бойынша, 24 қарашада Қазақстанның бірқатар өңірінде қолайсыз ауа райы күтіледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Тұман мен көктайғақ Астана, Шымкент қалаларында, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Батыс Қазақстан, Ақтөбе және басқа да облыстарда болжанады.

Жаңбыр, қар және қатты жауын-шашын Шығыс Қазақстан, Абай, Ақмола, Жетісу, Алматы, Жамбыл және басқа да өңірлерде күтіледі.

Желдің күшеюі: Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облысында екпіні 24–29 м/с дейін, Жамбыл облысында 23–28 м/с дейін жетеді деп болжанады.

«Қазгидромет» РМК деректер бойынша дауылды ескертулер

Астана қ.: 23 қарашада күннің соңында тұман күтіледі. 24 қарашада түнде және таңертең тұман, көктайғақ күтіледі.

Шымкент қ.: 24 қарашада кей уақыттарда тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде Шығыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), күтіледі, күндіз жаңбыр, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында жауын-шашын (жаңбыр, қар), кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Жел оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан соғады, түнде облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде 15-20, кей уақыттарда екпіні 25 м/с, күндіз 15-20, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 24-29 м/с. 

24 қарашада түнде Абай облысының батысында, солтүстігінде, орталығында жаңбыр күтіледі, күндіз жаңбыр, облыстың оңтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында екпіні 24-29 м/с.

24 қарашада күндіз Жетісу облысының таулы аудандарында жауын-шашын, кей уақыттарда қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада күндіз Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында жаңбыр, кей уақыттарда қатты жаңбыр күтіледі.  Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні 18-23 м/с.

24 қарашада күндіз Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батыс желіне ауысадыоблыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с күтіледі.

24 қарашада түнде Қарағанды облысында жауын-шашын, облыстың батысында кей уақыттарда қатты жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), күндіз облыстың солтүстігінде аздаған жауын-шашын, оңтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман, көктайғақ. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада Ұлытау облысының батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, таңертең және күндіз облыстың шығысында екпіні 15-18 м/с.

24 қарашада Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде 15-20 м/с.

24 қарашада Солтүстік Қазақстан облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада Павлодар облысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр) күтіледі. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында тұман, көктайғақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман күтіледі. Батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

24 қарашада түнде Ақтөбе облысының батысында, солтүстігінде, шығысында жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман күтіледі.

24 қарашада түнде және таңертең Атырау облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с.

24 қарашада түнде және таңертең Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында, орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 15-20, күндіз кей уақыттарда 23 м/с.

24 қарашада Түркістан облысының батысында, солтүстігінде, таулы және тау бөктерлі аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында 15-20 м/с. 

24 қарашада Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында  тұман күтіледі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.