Бірінші кезеңде бұл қызмет елордада тұрақты тіркеуі бар және жүргізуші куәлігін алғаш рет алатын Астана тұрғындарына қолжетімді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ішкі істер министрлігіне сілтеме жасап.
Емтихан тапсыру үшін автомектепті бітіргені туралы жарамды куәлік пен медициналық анықтама болуы, сондай-ақ белгіленген талаптарға сәйкес келуі қажет.
Өтінімді eGov Mobile мобильді қосымшасындағы "ХҚКО қызметтері" – "Теориялық емтиханды онлайн тапсыру" бөлімі арқылы беруге болады. Қажетті тексерулерден өтіп, қызмет ақысын төлегеннен кейін өтініш берушінің жеке кабинетінде емтихан тапсыруға арналған жеке сілтеме қолжетімді болады. Сілтеме 30 күн бойы жарамды.
Емтихан 40 сұрақтан тұрады, оларды орындауға 40 минут беріледі. Емтиханнан сәтті өту үшін кемінде 32 сұраққа дұрыс жауап беру қажет. Тестілеу күн сайын сағат 09:00-ден 20:00-ге дейін қолжетімді.
Емтихан өткізу процесінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында автоматтандырылған прокторинг жүйесі қарастырылған. Ол үміткердің жеке басын сәйкестендіруді, бейне және аудиобақылауды, сондай-ақ экрандағы әрекеттерді жазуды қамтиды. Анықталған барлық бұзушылық жүйе арқылы тіркеледі.
Емтихан тапсыру үшін веб-камерасы мен микрофоны бар компьютер немесе ноутбук, қосымша камера ретінде пайдаланылатын смартфон және тұрақты интернет байланысы қажет.
Теориялық емтиханды сәтті тапсырғаннан кейін үміткер белгіленген тәртіппен практикалық емтиханға жазыла алады.
Бұл ретте мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталықтарында теориялық емтихан тапсырудың дәстүрлі форматы да сақталады.
Жобаны іске асыру мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігін арттыруға, азаматтар үшін қолайлы жағдай жасауға және емтихан өткізу процесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
